Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңаөзен қаласында 24 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жаңаөзен қаласында 24 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңаөзенде “Түнгі қаладағы балалар” атты жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының ювеналды қызметінің қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) бойынша 18 әкімшілік хаттама жасақтады.

Сонымен қатар, тексеру барысында кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта компьютерлік клубтарда болуына рұқсат берген клуб иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру), ал ата-аналарға ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы) әкімшілік хаттама толтырылды.

Патрульдеу кезінде патрульдік полиция ротасының қызметкерлері көлік құралын басқаруға құқығы жоқ кәмелетке толмаған екі жасөспірімді тоқтатты. Патрульдік полиция ротасының инспекторлары кәмелетке толмағандарды Полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімінің қызметкерлеріне тапсырды. Ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар тек әкімшілік сотқа ғана емес, сонымен бірге Жаңаөзен қаласының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөліміне жіберіледі.

Сондай-ақ, жасөспірімдерге алкогольдік өнімдер сатқаны үшін дүкен иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы (Алкоголь өнімдерін сату жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін) бойынша хаттамалар жасақталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру