Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер Toyota жүргізушісінен есірткіге ұқсас зат тәркіледі

Шымкенттік полицейлер Toyota жүргізушісінен есірткіге ұқсас зат тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында Toyota маркалы көліктің жүргізушісі күмән тудырып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткенін байқап, тоқтауын сұраған.

Аталған жайт ағымдағы жылдың 10 қазанында сағат 00:30 шамасында Қазыбек би-Тәуке хан көшелерінің қиылысында орын алған. Тәртіп сақшылары автокөлікті қарау кезінде есірткіге ұқсас зат анықтаған.

Тексеру барысында анықталған зат тәркіленіп алынды. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда аталған азаматтың қала аумағындағы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полиция қызметкерлері аталған азаматтардың іс-әрекетіне тексерудің нәтижесі бойынша құқықтық баға беретін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру