Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Самара-Шымкент тасжолында мас жүргізушінің көлігінен екі мылтық табылды

Самара-Шымкент тасжолында мас жүргізушінің көлігінен екі мылтық табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Самара – Шымкент” автожолында мас болып көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды. 10 қазан күні сағат 02.00 шамасында “Самара – Шымкент” тасжолының 795-шақырымында патруль полициясының рота қызметкерлері “Toyota Prado” көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жүргізушінің мас екені белгілі болды.

Автомашинаны қарап жатқанда оның жүксалғышынан тегіс ұңғылы екі қару табылды. Олардың құжаты жоқ. Сондай-ақ көлікте екі жолаушы болған.

Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 608-бабына сәйкес іс қозғалып, хаттама толтырылған. Аталған көлік жолаушыларымен бірге Ақтөбе облыстық полиция департаменті Хромтау аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру