Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда сауда орталығынан ұрлық жасаған жергілікті тұрғын ұсталды

Ақтауда сауда орталығынан ұрлық жасаған жергілікті тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 27 қыркүйекте таңғы сағат 6:30 шамасында “Олжа” сауда орталығында орналасқан тренажер залында сейфтен 180 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын және үстелде жатқан “DELL” маркалы ноутбукты ұрлау фактісі орын алды.

Ағымдағы жылдың 3 қазанында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.

28 жастағы жергілікті тұрғын өз кінәсін толықтай мойындады. Ер адамға ешқайда кетпеу туралы қолхат шарасы қолданылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Маңғыстау полициясы ұрлық пен өзге де құқық бұзушылықтардың жасалуының дәлелі ретінде пайдаланылуы мүмкін қылмыстардың алдын алу және уақтылы жолын кесу үшін объектілерге бейнебақылау жүйесін орнатуды ұсынады.

Егер ұрлықтың алдын алу мүмкін болмаса, онда жасалған қылмыс туралы ең жақын полиция бөліміне немесе “102” нөміріне хабарлау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру