Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер ұрланған велосипедті иесіне қайтарды

Шымкенттік полицейлер ұрланған велосипедті иесіне қайтарды – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына «102» арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, дүкен алдында тұрған велосипедін белгісіз тұлға ұрлап әкеткен. Шығын көлемі 108 мың теңгені құрады.

Аталған жайт бойынша аудандық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Ұрланған велосипед заңды иесіне қайтарылды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру