Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер үш жасар баланы тауып, ата-анасына табыстады

Шымкенттік полицейлер үш жасар баланы тауып, ата-анасына табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 4 мамыр күні «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны Достық шағынауданында өзінің үш жасар ұлының жоғалып кеткені туралы хабарлады. Ата-анасының айтуынша, бала үйінің алдында ойнауға шығып, жоғалып кеткен. 

Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы ПД Қаратау аудандық ПБ-ның қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер тез арада адасып жүрген баланы тауып, ата-анасына аман-есен табыстады.

Өз кезегінде, полицейлердің жедел әрекетіне риза болған баланың анасы алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру