Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері Маңғыстау полицейлері 275 мас жүргізушіні жауапқа тартты

Жыл басынан бері Маңғыстау полицейлері 275 мас жүргізушіні жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын Маңғыстау облысының аумағында тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

2021 жылдың төрт айы ішінде батальон мен патрульдік полиция ротасы 26 761 бұзушылықты, оның ішінде 276 мас жүргізушіні анықтады, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беруі) бойынша әкімшілік хаттама жасақтады.

Мысалы, Ақтау қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 7 шағын ауданда Volkswagen-ді басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында жүргізушіде алкогольдің иісі байқалды. Медициналық сараптама нәтижелері алкогольдік масаңдықтың жеңіл дәрежесін анықтады. Автокөлік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айыппұл тұрағына жабылды.

Мұнайлы аудандық ПБ патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атамекен елді мекенінде “ВАЗ-2107” автокөлігінің жүргізушісінде алкогольдік масаңдықтың жеңіл дәрежесін анықтады. Сондай-ақ, оны ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартты, автокөлік айыппұл тұрағына жабылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру