Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда түнде масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Павлодарда түнде масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов 2021 жылы көлік құралын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 608-бабында (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) көзделген 400-ден астам әкімшілік хаттама толтырылғанын атап өтті.Мысалы, 3 мамыр күні сағат 03:20-да Торайғыров – Cәтпаев көшелерінің қиылысында тәртіп сақшылары “Nissan” автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші мас күйінде болғанын медициналық куәландыру растады. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен тәртіп бұзушыға көлік құралын басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Айта кету керек, полицейлердің жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру