Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда полицейлер жыл басынан бері үш мың келіден астам бекіре тәркіледі

Маңғыстауда полицейлер жыл басынан бері үш мың келіден астам бекіре тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полиция тобы төрт айда жасалған жұмыстарын қорытындылады. Жыл басынан бері табиғат қорғау заңнамасын бұзу бойынша 29 дерек тіркелген.

Атап айтқанда, ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша – 23 қылмыс, ҚР ҚК-нің 337-бабы бойынша заңсыз аңшылықтың үш дерегі, ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) дерегіне сай екі қылмыс тіркелді. Сонымен қатар, қару, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, яғни ҚР ҚК-нің 287-бабы бір дерек анықталды.

Сондай-ақ, аталған мерзім ішінде 58 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нақтырақ айтатын болсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) – 35, ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) – екі, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы(Қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру)  бойынша – 19, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы (Қоғамдық орынды ластау) бойынша  – бір, ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша бір құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік хаттамалар жасақталды.

Аталған іс-шара кезінде табиғат қорғау заңнамасын бұзған тұрғындардан тәркіленіп алынған.

Барлығы 3 581 келі балық тәркіленді, онын ішінен 3 279 келі бекіре тұқымдас, екі келі 650 грамм лосось немесе албырт тәрізді балығының Қызыл кітапқа енген “белорыбица” және 300 келі қара балық (кефаль, селедка, судак).

Заң бұзушылардан қарулар, аңның терісі, мүйізі, сирақ пен басы, аулауға арналған құрылғылар тәркіленіп алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру