Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация қызметі сотталғандарды жұмысқа орналастырды

Ақтөбеде пробация қызметі сотталғандардың жоғалған әскери билетін кері рәсімдеп, жұмысқа тұрғызды,  – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының Пробация қызметтері түзеу мекемелерінен босап шыққан сотталғандардың тұрмыстық жағдайын жақсарту және қайта қылмыстың алдын алу үшін олардың жұмыспен қамтылуына аса мән беріп келеді. Осы орайда, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Хромтау аудандық пробация қызметі жаза өтеу орындарынан босаған екі сотталған азаматқа және сот үкімімен бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған бір сотталған азаматқа әлеуметтік- құқықтық көмектер көрсетіп, жұмысқа орналасуларына ықпал етті.

Нақтырақ айтқанда, жоғарыда аталған сотталғандарды жұмысқа орналастыру барысында жұмыс беруші орындар талап еткен құжаттар тізіміндегі әскери билеттің істі болған азаматтарда болмауы бірқатар қиындықтар келтірген болатын. Осы ретте Хромтау аудандық пробация қызметі сотталғандардың әскери билет алуы үшін арнайы әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бағдарламасын әзірлеп, аудандық қорғаныс бөлімімен бірге сотталғандардың әскери билеттерін кері рәсімдеп, құқықтық көмек көрсетті.

Пробация қызметінің құқықтық көмегінің арқасында әскери билеттеріне қайта қол жеткізген есепте тұрған екі сотталған жергілікті жердегі ЖШС-лерге тұрақты жұмысқа орналасса, бір сотталған мамандық игеруі үшін қысқа мерзімді оқу курсынан өтуге жолдама алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру