Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда сауда орындарында темекі ұрлаған ұры ұсталды

Қарағандыда сауда орындарында темекі ұрлаған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 сәуірде дүкендердің бірінің 40 жастағы қожайыны Қарағанды қаласының ПБ Теміржол полиция бөліміне белгісіз біреу күш қолданып, әртүрлі маркалы сегіз блок темекіні ашық түрде иемденіп алғаны туралы шағымданды. Келтірілген шығын 36 мың теңгені құрайды. Жәбірленушінің айтуынша, күдікті 30-35 жас шамасындағы ер адам. Дүкен тонаушының әрекеті сауда орнында орнатылған бейнекамераға жазылып қалған. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

30 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Сонымен қатар, полицейлер күдіктінің дәл осындай тәсілмен, басқа дүкен сатушысының көзінше құны 28 мың теңгеден асатын бірнеше қорап темекіні алып кеткенін анықтады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру