Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер велосипед ұрлығын ашты

Шымкенттік полицейлер велосипед ұрлығын ашты. Бұл туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.

Велосипед ұрлығы – бұл қылмыстың маусымдық түрі. Ерте көктемнен бастап ұрланған велосипедтер туралы полицияға арыздар түсе бастайды. Шымкент полицейлері осындай ұрлықтың бірін қалалық базарда ашты. Жоғалған мүлікті іздеуде тәртіп сақшылары аулаларды аралап, тексеріс жұмыстарын жүргізді.

– Сол базардың айналасындағы үй тұрғындарынан сұрастыру барысында белгісіз азаматтың ізіне түстік, – деді аға учаскелік инспектор Әл-Фараби Матхан.

Тәртіп сақшылары ұсталған адамды және велосипедті полиция бөлімшесіне жеткізді. Тексеру барысында күдіктінің еш жерде жұмыс істемейтіні анықталды, сондай-ақ бұрын сотталғандығы белгілі болды.

Қазір полицейлер бұл азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру