Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жанып жатқан көлік жүргізушісіне жедел көмек көрсетті

Шымкенттік полицейлер жанып жатқан көлік жүргізушісіне жедел көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәуке хан даңғылында қызмет атқару кезінде патрульдік полиция полкінің 799 автоэкипаж инспекторлары автокөліктен шыққан түтінді байқаған.

Полицейлер бірден көмекке асығып, жүргізушіге ескертіп, көлікті тоқтатты.

Тәртіп сақшылары тез арада өрт сөндіргішті алып, көлік капотын ашып, өртті ауыздықтады. Кейін аккумуляторды шығарып, газ баллонды жапты. Осылайша, патрульдік инспекторлар болуы мүмкін оқыс оқиғаны дер кезінде тоқтатты.

Көлік жүргізушісі полиция қызметкерлеріне жедел көмегі мен жанашырлығы үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру