Шымкенттік полицейлер жауынгерлік джиу-джитсудан өткен Азия чемпионатынан олжалы қайтты
Шымкенттік полицейлер жауынгерлік джиу-джитсудан өткен Азия чемпионатынан олжалы қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7-12 қыркүйек аралығында Өзбекстан Республикасы Бұхара қаласында жауынгерлік джиу-джитсудан Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Иран спортшылары қатысты. 12 мемлекеттен 400-ге жуық спортшы өзара бақ сынасты.
Жарыста ел абыройын Шымкент ҚПД оқу-жаттығу взводының аға инспекторы Ғалымжан Қатпаев және Шымкент ҚПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы Қымбат Ахмет қорғады. Өздерінің кәсіби шеберлігінің арқасында Ғалымжан ІІІ-орынды, ал Қымбат ІІ-орынды еншіледі.
Айта кетейік, 22-30 шілде аралығында Голландия мемлекетінің Роттердам қаласында әлем полицейлерінің басын қосқан чемпионаттан Қымбат дзюдо спорты бойынша І-орынды иеленсе, Ғалымжан джиу-джитсудан І-орынды қанжығасына байлап қайтқан болатын.
Тәртіп сақшылары алдағы уақытта Әзірбайжанның Баку қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындалып, сайысқа түседі.