Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны 200 адамға той жасаған

Шымкенттік полицейлер мейрамханада өтіп жатқан 200 адамдық тойды тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында орналасқан барлық әлеуметтік нысандардың тарапынан карантин талаптарының сақталуын бақылау және басқа да құқық бұзушылық деректерінің жолын кесу бойынша рейдтік шараларды жүйелі түрде өткізіп отырады.

Мысалы, 2021 жылдың 6 ақпанында Абай ауданы ПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық іс-шара өткізу барысында «Мұса» тойханасында той өткізіліп жатқанын анықтаған.

Полицейлер мерекелік іс-шараны тоқтатып, тойға келген 200-ге жуық адамды үйіне қайтарды. Тойхана иесін карантин режимін өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) сәйкес жинақталған материалдар Абай ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Тәртіп сақшылары карантин талаптарын бұзудың кез-келген жайты әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру