Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда “Сергек” бейнекамералары орнатылды

Түркістан облысында “Сергек” бейнекамералары орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы бері көліктер саны көбеюде. Осыған орай Түркістан облысы тұрғындарының жүріп-тұруына қолайлы жағдайлар жасалуда.

Көшелер кеңейтіліп, арнайы жаяу жүргіншілер жолағы, веложолдар салынды. Мұндағы басты мақсат – жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына жол бермеу, жол-көлік оқиғаларының санын азайту болып табылады.

Осы мақсатта Түркістан қаласының көліктер көп жүретін көшелерінде төрт “Сергек” автоматты құрылғысы орналастырылып, өз қызметін атқаруда.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орнатылған бейнебақылау камералары тұрақты түрде жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру