Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғынның екі бас сиыры жайылымнан табылып, иесіне қайтарылды

Шымкенттік тұрғынның екі бас сиыры жайылымнан табылып, иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен Мал ұрысы жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынының екі бас сиыры жайылым жерінен табылып, иесіне қайтарылды.

Жедел-профилактикалық шара барысында қала аумағындағы барлық базарларда, соның ішінде ұрланған мал сатылуы немесе сатып алынуы мүмкін орындарда шұғыл тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, ет өнімдерін алып сататын дүкен, қалалық мал базары аумағына кіріп-шыққан жалпы 73 автокөлік тексерілген. Оның ішінде малды тиісті құжатсыз тасымалдаған екі жүргізуші анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы (Ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу) бойынша жауапқа тарту үшін қалалық ветеринария бөліміне құжаттар жолданған. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабымен (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) 45 тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Жедел-профилактикалық шара 10 наурызға дейін жалғасын табады. Мұндай профилактикалық шаралар мал ұрлығы қылмыстарының алдын алуға мүмкіндік береді.

Тәртіп сақшылары мал иелеріне ұрылардың құрбаны болмас үшін малдарын қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ, таңба мен ен салуды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру