Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үй ауласы алдындағы шлагбаум қаншалықты заңды қойылған

Шымкент қаласы Полиция департаментіне қала тұрғыны хабарласып, Республика даңғылы №21 үйдің ауласына кіретін жолға екі жағынан қойылған шлагбаумның қаншалықты заңды екенін анықтауды сұрады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы өтініш бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына қарасты №25 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлерімен дер кезінде тиісті жұмыстар жүргізіліп, аталған үйдің ауласына қойылған шлагбаумды сол үйдің тұрғындарының келісімімен қойылғандығы анықталды. Себебі үй ауласына бөгде азаматтар автокөліктерін қойып, сол үй тұрғындарының автокөлікпен кіріп шығуына кедергі жасаған.

Сондай-ақ келесі аптада аталған үй тұрғындары мен осы аумаққа жауапты учаскелік полиция инспекторы және аудан әкімдігінің өкілдері санитарлық талаптарды сақтай отыра кездесіп, қосымша талқылау жұмыстарын жүргізуді жоспарлануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру