Соғысқа қатысқан интернационалист-жауынгерлерді құттықтады
Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті және ЛА-155/4 мекемесі басшылығы Ұлы отан соғысының тыл еңбеккерін, Ауған соғысының және Тәжік-ауған шекарасындағы соғысқа қатысқан интернационалист-жауынгерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті басшысының орынбасары Манас Тұяқбаев, ЛА-155/4 мекемесінің басшысы Мадияр Қонқанов «Біз біргеміз» акциясы шеңберінде, Ішкі істер органдарында абыроймен қызметтерін атқарған қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері: тыл еңбеккері, отставкадағы ішкі қызмет полковнигі Әмірбай Шонбаевты, интерноцианалист-жауынгері отставкадағы ішкі қызмет майоры Олег Кондратьевті, Тәжік-ауған шекарасындағы соғысқа қатысқан интернационалист-жауынгері отставкадағы әділет прапорщигі Жанболат Секимовты мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар тарту етілді.
Әмірбай Шонбаев 1928 жылы 5 желтоқсанда Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Көк-өзек ауылында дүниеге келген. Еңбек майданының қатысушысы. 1949-1951 жылдары Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, әскери борышын Мәскеу облысының Загорск қаласында өтеген. 1950-1953 жылдары КСРО ІІМ Ленинград әскери-саяси мектебінде оқыды. Мектепті бітіргеннен кейін Магадан қаласына жіберілді, онда төрт жыл комсомол желісі бойынша нұсқаушы болып жұмыс істеді. Ішкі істер органдарында 36 жыл қызмет атқарып, 1985 жылдың сәуір айында ішкі қызмет подполковнигі атағында зейнетке шықты. 1995 жылы Жеңістің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында Отан соғысы жылдарындағы елдегі еңбекке қатысқаны үшін «Еңбек Ері» атағы, Ұлы отан соғысының 70 жыл толғанына орай ҚР ҚМ мен ІІМ бұйрығы бойынша ішкі қызмет полковнигі атағы берілді. 1997-2017 жылдар аралығында ЛА-155/4 мекемесінің ардагерлер кеңесін басқарды.
Олег Кондратьев 1961 жылы 30 тамызда Ресей мемлекеті, Красноярск қаласында дүниеге келген. Интернационалист-жауынгері. Ішкі істер органдарында 17 жыл қызмет атқарып, 2001 жылдың желтоқсан айында ішкі қызмет майоры атағында зейнетке шықты. О.Кондратьев 1981 жылдың 14 маусымынан 25 қарашасы аралығында Ауғанстан жерінде соғысқа қатысқан. №51863 әскери бөлімінің әскери барлауында барлаушы болып борышын өтеген. «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған.
Жанболат Секимов 1979 жылы 22 шілдеде Жамбыл облысы, Шу ауданы, Естемесов ауылында дүниеге келген. Тәжік-ауған шекарасындағы соғысқа қатысқан интернационалист-жауынгер. Ішкі істер органында 12 жыл қызмет атқарып, 2018 жылдың маусым айында әділет прапорщигі атағында зейнетке шықты. Ж.Секимов 1999 жылдың 23 ақпанынан 23 тамызына дейін төтенше жағдай кезінде Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД сыртқы шекараларын күзету бойынша №2547 әскери бөлімінде әскери борышын өтеген. «Шекараны күзетуге 100 шығу», екінші дәрежелі «Шекара қызметінің үздігі» төс белгісімен марапатталған.
Ардагерлер өздерінің алғысын білдіріп, ақ батаcын берді.
Елімізге «Жеңіс» атты қасиетті де қастерлі сөзді сыйлаған майдангерлеріміз бен тыл ардагерлерінің және де оларға теңестірілген тұлғалардың ерлігі мәңгі жадымызда сақталады.