Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мотоцикл мінген мас жүргізуші қамауға алынды

Жыл басынан Ақтөбе облысының аумағында ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (көлік құралдарын мас күйде жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша 58 факті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 мамыр сағат 15.50-де Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Қаратаусай ауылында полиция қызметкерлері 26 жастағы жергілікті тұрғынын бұрын көлік жүргізу құқығын айырылған және мемлекеттік тіркеу нөмірсіз “Урал” мотоциклін тоқтатқан. Медициналық куәландыруға сәйкес мотоцикл жүргізушісі көлікті жеңіл дәрежелі мас күйде басқарған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


4 мамыр күні Қарғалы ауданының учаскелік полиция инспекторы Бадамша ауылында 35 жастағы жергілікті тұрғынды бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған “ВАЗ-2103” автокөлігін тоқтатқан. Тергеу жүргізіліп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
2020 жылдың 11 қаңтарында күшіне енген заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес Қазақстанда көлік құралдарын мас күйінде басқарған, көлік құралдарын басқару құқығынан бұрын айырылған жүргізушілерге қатысты жаза қатаңдатылды. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге көлік құралын басқару құқығынан толықтай айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтардың алкогольдік немесе есірткілік мас күйде көлік құралдарын басқармауын сұрайды. Сіздің ойланбаған іс-әрекетіңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру