Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тыл ардагері өртке қарсы қызметпен арадағы байланысын үзген емес

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығы қарсаңында ҚР ІІМ ТЖ комитеті тыл ардагерін мерекесімен құттықтап, алғыс хат табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

 

ҚР ІІМ ТЖ комитеті төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаев және Елордалық ТЖ департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов, ардагерлер кеңесі мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен тыл ардагері Аяпқали Қажкенов ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккердің алғыс хатын табыс етті.

Отставкадағы ішкі қызмет подполковнигі Аяпқали Қажкенов ішкі істер органдарына 1958 жылдың мамыр айында Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасының Жымпиты аудандық ішкі істер бөлімінің өрт инспекторы лауазымына қызметке келген. 1961 жылы Свердлов өрт техникалық училищесін бітіріп, Батыс Қазақстан облысы ІІД Жымпиты ауданы Ішкі істер бөлімінің Мемлекеттік өрт қадағалау инспекциясының бастығы лауазымына ұсынылды. Қызметтің барлық кезеңдерінде алға қойылған міндеттерді шешуде мақсатпен, табандылық танытып, сүйікті ісіне көп күш-жігер мен күш-қуат берді. Атқарған қызметінің нәтижесі ретінде бірнеше рет “ҚР Мемлекеттік өрт қадағалауының Үздік инспекторы” атағы берілді. Әр түрлі лауазымдарда жұмыс істей отырып, ол аудандық өрт сөндіру инспекторынан облыстық ІІБ өрт сөндіру күзеті бөлімі басшысының орынбасарына дейін жол жүріп, өртке қарсы қызметті дамыту және нығайту ісіне үлкен үлес қосты. Оның табандылығы мен мақсаттылығының арқасында Жымпиты ауданында бірінші болып аудандық кәсіби бөлім құрылып, екі жолға шығатын өрт сөндіру депосы салынды.

“Өрттегі ерлігі үшін” өзінің алғашқы медалін ардагер 1968 жылы ауданда егін алқаптарын сөндіру кезінде көрсеткен ерлігі үшін алды. А.Қажкеновке өз қызметінде бірнеше рет ірі және күрделі өрттерді сөндіруге басшылық жасауға тура келді.

70-жылдардың соңында ол “Мәсіх Құтқарушы храмы” тарихи ескерткішінің өртін сөндіруге басшылық етті. Өрт сөндіруге облыс орталығының барлық өрт сөндіру гарнизоны қатысты, бақытымызға орай ешкім зардап шеккен жоқ, ал объект құтқарылды. Күрделі өртті сөндіруді шебер басқарғаны және көрсеткен жеке ерлігі үшін Аяпқали Қажкенов “Өрттегі ерлігі үшін”
екінші медалімен марапатталды.

1989 жылдың қарашасында А.Қажкенов ішкі қызмет подполковнигі шенінде зейнетке шықты.
Қазіргі уақытта, өз жасына қарамастан, ол өртке қарсы қызметпен байланысты жоғалтпайды, әрдайым өзінің бай тәжірибесімен жас қызметкерлермен бөлісуге дайын.

Өрт сөндіру және алдын алу ісіне елеулі үлес қосқаны және ардагерлер ұйымының жұмысына белсенді қатысқаны үшін Аяпқали Қажкенов “ҚР Ішкі істер органдарының ардагері” медалімен
марапатталды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру