Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әке көрген – оқ жонар

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінде әке жолын жалғап, Дәулет Байсаматов еңбек етіп келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әкесі Әлібек Байсаматов да органда тергеуші болып жұмыс істеп, кейіннен оқытушылықпен айналысқан. Семей қаласындағы заң колледжін тәмамдаған Дәулет бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің Штаб бастығы.

Дәулеттің ошағын тұтатып, ұрпағын өргізіп отырған қосағы – полиция майоры Динара Нұр-Сұлтан қ. Полиция департаментінің ЖБО “102” қызметінде оператор болып жұмыс істейді.

–  Бізге шалынған әр қоңырау – маңызды. Өтініш-шағым айтып хабарласқан әр азаматқа психологиялық, заңгерлік көмек көрсетеміз, – дейді Динара.

Дәулет пен Динара екеуі 2007 жылы танысқан. Жарты жыл сыйласып, араласып жүріп, шаңырақ көтереді. Салауатты өмір салтын жанына серік еткен отағасы спортпен шұғылданады. Ал Динара вокалға әуес. Түрлі мерекелік іс-шараларда ән шырқайды.

Отасқандарына 13 жыл болған шаңырақ иелері бүгінде Арыстан, Аружан есімді екі бала тәрбиелеп отыр. 5-сыныпта оқитын Арыстан бимен, гимнастикамен айналысады. Ал биыл ғана мектеп табалдырығын аттаған Аружан анасы сияқты вокалға әуес, хореографиямен де айналысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру