Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстан облысында 12 сотталғанға электронды білезік тағылды

Солтүстік Қазақстан облысында 12 сотталғанға электронды білезік тағылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес пробация қызметі есепке алынған тұлғаларға қатысты тиісіті пробациялық бақылауды қамтамасыз ету үшін электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқығы бар. Жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзатын, сондай-ақ бірнеше ескертулері бар сотталғандар электрондық қадағалауға алынады.

Қызылжар ауданының пробация қызметі бөлімі жазаны өтеу шарттары мен тәртібін жүйелі түрде бұзған 12 сотталғанға алғаш рет электронды білезік тағылды.

Пробация қызметкерлері сотталғандардың жүріп-тұруы туралы барлық деректерді компьютер немесе смартфон арқылы бақылай алады.

– Сотталғандарды қашықтықтан бақылау жүйесі қайта қылмыс жасау қаупін азайтуға мүмкіндік береді, себебі есепке алынған адам режимді бұзған жағдайда сигнал дереу жауапты инспектордың компьютеріне түсетінін біледі, – деп атап өтті Қызылжар ауданының ПҚБ бастығы Ерлан Темірханұлы Арынғазинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру