Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жанұя шырқын бұзған 852 азамат есепке алынды

Қызылордада жанұя шырқын бұзған 852 азамат есепке алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында орын алатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу және құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында профилактикалық жұмыстар күнделікті жүргізілуде.

Жыл басынан “102 арнасына жанұя жанжалы бойынша 962 хабарлама тіркелді. Тұрмыстық қарым-қатынаста сыйламаушылық әрекетін жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабымен 78 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция тарапынан жанұя шырқын бұзған 852 азамат қорғау нұсқамасы санатымен есепке алынды.

Сонымен қатар, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзып, соттық қаулысымен 234 азаматтың мінез-құлқына қатысты сот қаулысымен ерекше талаптар белгіленген.

Аталған азаматтар Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторларымен тұрғылықты мекенжайларынан үнемі тексеріліп, қайта құқық бұзушылыққа бармау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, қала аумағында 3 әлеуметтік дағдарыс орталығы қызмет көрсетуде. Аталған орталықтармен жыл басынан 87 азаматшаға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру