Солтүстік Қазақстан облысында мас күйінде біреудің көлігін айдап әкеткен жүргізуші ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысында мас күйінде бөтеннің көлігін айдап әкеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аққайың ауданының полиция бөліміне «Опель» автомашинасын ұрлап кеткендігін айтып, Ленинское ауылының тұрғыны жүгінген.
Тексеру барысында көлік иесіне танысының көлік ішінде отырып, музыка тыңдағысы келетінін айтқаны, алайда ол көліктен шығып кеткен кезде құқық бұзушының көлікті оталдырып, белгісіз бағытқа кетіп қалғаны анықталды.
Аталған факт ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша қарастырылған қылмыс құрамының белгілерімен Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Автокөлікті іздестіру барысында Смирново аудан орталығына кіреберіс жердегі бейнебақылау камералары тексеріліп, көлікті айдап әкетушінің елді мекенге соғып, кейін Қиялы ауылы жаққа қарай кеткендігі анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде айдап әкетілген автомашина ұсталды. 1978 жылы туған көлік ұрлаушы бұндай әрекетке бойындағы алкоголь итермелегенін айтып ақталды.
Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік материал жиналды.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында көлік құралын айдап әкетудің 56 фактісі тіркелген.