Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстан облысында астық науқаны кезінде 32 ұрлық ашылды

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер астық жинау науқаны кезінде 32 ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының  Полиция департаменті “Астық – 2020” жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады.

“Астық – 2020” операциясы 20 тамыз – 10 қазан аралығында өткізілді.

13 ауданның әрқайсында криминалдық полиция, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полицейлер, кинологтардан тұратын мобильдік топтар жұмыс істеді.

Егістіктегі ұрлықтарды анықтау және алдын алумен қатар, полицейлер диқандар мен астық жинау науқанына жұмылдырылған адамдарға көмек көрсетуге баса назар аударды.

СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, мобильдік топтардың қызметкерлері дала жолдарын, түнде жарықсыз жүрген көлік құралдарын, құжаттар мен жүктерді тексерген.

“Астық – 2020” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында СҚО-да 35 қылмыс тіркелген.

Оның  ішінде  астық ұрлаудың  21 фактісі, жанар-жағармай ұрлаудың 7 фактісі,  ауылшаруашылық техникасының қосалқы бөлшектерін ұрлаудың 4 фактісі, гербицид ұрлаудың 3 фактісі бар. Полиция қызметкерлері аталған 35 қылмыстың 32-нің  “ізін суытпай” ашқан.

Көбіне ұрлықты астық науқанына жұмылдырылған кәсіпорындар мен шарушылықтардың жұмысшылары жасаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру