Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында түзеу мекемесіне есірткі мен телефон лақтырған азамат ұсталды

Таразда түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған зат лақтырған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға жергілікті уақытпен 03:00 шамасында орын алған.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің  ЖД-158/2 мекемесі қызметкерлерінің жедел ақпаратының негізінде түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды лақтырған 2000 жылы туған күдікті азамат ұсталды. 

Ұсталған  азаматты тексеру барысында оның түзеу мекемесінің сыртқы қоршауы арқылы  3 орама лақтырғаны белгілі болды. Орамадан жасыл түсті өсімдік тектес зат тәркіленді. Бұдан бөлек, оның түзеу мекемесінің №4 учаскесіне  2 ораманы лақтырғаны да анықталған. Тыйым салынған заттарды тексеру барысында 20 пластинка “Трамадол” дәрілік препараты және «Fly» маркалы сенсорлы телефон тәркіленді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру