Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғанның туысы ақжарма алғысын ақ қағазға түсірді

Жамбыл облысында сотталғанның туысы ақжарма алғысын ақ қағазға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түзеу мекемесіне түскен азаматты қайта тәрбиелеп, түзу жолға салып, қылмысын қайта қайталамауға бағыттауда ҚАЖ қызметкерлерінің еңбегі орасан.

Өз кезегінде жазасын өтеп шыққан жандардың өздері қателігін түсініп, оң бағыт көрсеткен ішкі істер органдары қызметкерлеріне ризашылығын білдірсе, кейде олардың туыстары отбасыларының атынан ақжарма алғыстарын жеткізіп жатады.

Альфия Қазыбаева да сондай жандардың бірі. Альфияның ағасы Шадияр жаза басып, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп шыққан. Бауырының туғандарына аман оралып, өткенінен сабақ алып, дұрыс жолға түсуіне септігін тигізген мекеме басшылығына алғысын жеткізген ол ақ тілегін ақ қағаз бетіне түсірген.

– Мекеме бастығы Ерлан Оразгелдиев, мекеме бастығының орынбасары Әміржан Дәулетқұлов, жасақ бастығы Ғалымжан Қалмаханбетов пен өзге де мекеме қызметкерлеріне алғысымды айтамын. Сіздер менің ағамның жазасын өтеу барысында түзу жолға түсуіне оң ықпалдарыңызды тигіздіңіздер. Қазіргі уақытта ағам отбасымен қауышты, денсаулығы жақсы, – делінген А. Қазыбаеваның жолдаған хатында.

Осындай жетіп жатқан алғыс хаттарды оқи отырып өз ісіне адал берілген қызметкерлердің кәсіпқойлығын анық байқауға болады. Ендеше, еңбегі еленіп, ел аузында жүрген ҚАЖ саласының қызметкерлеріне істеріне табыс тілейміз. Ал жазасын өтеп, бостандыққа шыққан азаматқа теріс жолға оралмай, адал еңбек етуіне тілектеспіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру