Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері ІІО ардагерін 80 жасқа толуымен құттықтады

Түркістан облысының полицейлері ішкі істер органы ардагерін 80 жасқа толуымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес ауданының тұрғыны, ел қорғаны атанған, ішкі істер органының ардагері Халық Оразбаев ақсақалдың мерейлі 80 жасқа толуына орай, полицейлер оның қара шаңырағына арнайы барып, құттықтап қайтты. Келес аудандық Ардагерлер ұйымының төрағасы Нұрғали Базарқұлов, Келес АПБ бастығының Кадр саясаты жөніндегі орынбасары Саттар Отыншиев зейнеткер полицейге басшылықтың арнайы құттықтауын, “Алғыс хатын” және сыйлықтарын табыс етті.

Атап өтсек, Халық Оразбаев 1941 жылы дүниеге келген. 1963 жылы әскерге шақырту алып, Хабаровскте борышын өтеген. Осылайша 1966 жылы әскерден келген жас жігіт, жұмысқа араласа бастайды. 1970 жылы Келес аудандық полициясында Мемлекеттік автоинспекция қызметкері болып орналасады. Осында өзінің қырағылығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында абыройлы қызмет етеді. Келес, Сарыағаш, Шәуілдір аудандарында және облыстық МАИ қызметінде басшы лауазымдарын атқарған. Ширек ғасырдан астам ішкі істер саласында еңбек етіп, майор шенімен зейнетке шыққан. Қызмет атқару кезінде 40-қа жуық марапаттар мен бағалы сый-сыяпаттарға ие болған. Бүгінде зейнетінің бейнетін көріп отырған ақсақал екі ұл, тоғыз қызды өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, рахатын көріп отыр. Олардан 38 немере, бес шөбере сүйген бақытты жан.

Ол құттықтап келген полицейлерге үлкен алғысын білдіре отырып, қиын да қауіпті салада атқарған қызметінде орын алған шынайы оқиғалар туралы естеліктерін айтып өтті. Әрдайым жас буынға қызметке қажетті ақыл-кеңестерімен беріп, ізбасарларының шыңдалуына септігін тигізуге дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру