Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Билік өкілін қорлаған азамат қоғамдық жұмысқа тартылуда

Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінде қазіргі таңда 21 адам заң бұзғандары үшін қоғамдық жұмыстарға тартылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады. Қазір Астана аудандық пробация қызметінің есебінде билік өкілін қорлап, оған бағынбаған бір сотталған бар.

Сотталған Е. күндіз түстің шамасында ішімдік ішкен күйінде үйіне келіп, жолдасына қол көтеріп, ұрып-соққан, соның салдарынан сотталғанның әйелі туыстарына телефон шалып мән-жайды айтып, туыстары полиция қызметкерлерін шақыртқан. Полиция қызметкерлері келіп азаматшадан мән жайды анықтап, үйінде ұйықтап жатқан жолдасын оятып, аулаға алып шығып, мастық күй фактісін анықтау және хаттама толтыру үшін полиция бөліміне баруын сұраған мезетте, сотталған Е. бағынбай, билік өкілін қорлап, балағаттап, денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, қолына үйдің қақпасының есігін кілтейтін ұзындығы 20 см. болатын темірді алып, оны полиция қызметкеріне сермеп, оның қызметтік киімінің жағасына жабысып, балағат сөйлеп қарсылық көрсеткен. Сот отырысында сотталған Е. өз кінәсін толық мойындап, ҚР ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігі, 380-бабының 1-бөлігімен 300 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылған.

Қазіргі таңда сотталған Е. “Ақжол” ЛТД ЖШС-де қоғамдық орындарды, көшені қардан тазалаушы болып қоғамдық жұмысын атқарып отыр. Жасаған қылықтарына өкінетіндігін және де билік өкілін қорлағаны үшін қоғамға үлкенпайдасын тигізіп, біздің тыныштығымызды қорғап жүрген билік өкілдерінің қызметін алдағы уақытта жоғары бағалайтынын айтып, қоғамдық жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындап келеді, – дейді Астана аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Ж.Ешниязова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру