Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте пәтер алаяғы ұсталды

Қала аумағында тұрғындардың сеніміне кіріп, пәтер алып беремін деп ондаған адамның ақшасын қалтасына басқан  алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 5 қазанында Қаратау АПБ-ның қызметкерлері жедел – іздестіру  іс-шараларын жүргізу барысында  бірнеше алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен іздеуде жүрген 1979 жылы туған жергілікті тұрғынды ұстады.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық)  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

2020 жылдың 6 қазанында күдікті екі  айға қамауға алынды.

Тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында күдіктінің әрбір жәбірленушіден шамамен 500 000 теңгеден алғаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру