Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында металл ұрлығы қылмысының жолы кесілді

Қарағанды облысының полицейлері металл ұрлау фактісінің жолын кесті, -деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қазан күні Қарағанды облысы Саран қаласы патрульдік полиция взводының полицейлері қызмет өткеру барысында қаладағы мекемелердің бірінен шығып келе жатқан, шамадан тыс жүк артылған күдікті автокөлікті тексеруге тоқтатқан.

Тексеру барысында көлікті басқарып келе жатқан 24 жастағы жүргізуші мен 25 жастағы жолаушы металл өнімдерін мекемеден ұрлап әкетіп бара жатқандарын мойындады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мекемеге келтірілген шығын көлемін анықтауда.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру