Солтүстік Қазақстан облысында қараусыз жүрген мал иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері мал бағу және ұстау қағидаларын бұзғаны үшін 3 886 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен аптада әлеуметтік желіде Червонное-Новоишимское тас жолында 18 жылқының қараусыз жүргені туралы Ғ.Мүсірепов атындағы аудан тұрғынының бейнежазбасы тарады, жылқылар автокөліктердің қозғалысына кедергі келтіріп, жолда апаттық жағдай тудырған.
Бұл факт бойынша полиция қызметкерлері жылқылардың иесін анықтады, ол Новоишимское ауылының тұрғыны болып шықты, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабының 1-бөлігі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Жыл басынан бері облыс аумағында әкімшілік жауапкершілікке 3 886 мал иесі тартылған.