Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде еріктілер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларына жұмылдырылды

Ақтөбелік еріктілер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларына жұмылдырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қазаннан бастап “Учаске” республикалық жедел – алдын алу іс-шарасы аясында “AntiCovid-19” еріктілер қоғамының еріктілері мен учаскелік полиция инспекторлар құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізіп, әкімшілік учаскелерде орналасқан пәтерлер және тұрғын үйлерді аралау жұмыстарын бастады.

“Еріктілермен бірлесіп коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша жұмыстар, патрульдеу биылғы жылдың басынан бері жүргізілді. Құқық тәртібін қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесі үшін облыстық ПД басшылығы еріктілерді бірнеше рет  марапаттады. Еріктілердің қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі көмектерін жоғары бағалаймыз. Облыстық ПД басшылығының атынан қоғамға жанашыр азаматтарға алғысымды білдіргім келеді”, – деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру