Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері тас жолда өртеніп кеткен көлік иесіне көмек көрсетті
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері тас жолда өртеніп кеткен көлік иесіне көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстанның тас жолдарында бір күннің ішінде екі бірдей жағдайды шешуге патрульдік полицейлер көмектесті. 19 қыркүйек күні сағат 17:00 шамасында Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының экипажы Челябі-Новосібір тас жолының 548 шақырымда жол жиегінде дөңгелегі жарылып тұрған Mitsubishi Charisma автокөлігін көреді. Рөлді әйел адам Булаево қаласының тұрғыны тізгіндеген, салонда нәресте де болған. Полицейлер өздерінің «қосалқы дөңгелегін» салып, жақын жердегі шина жөндейтін шеберханаға дейін әйелмен ілесіп барған.
Бір сағаттан кейін Жезқазған-Петропавл тас жолында 919 шақырымда басқа экипаж авариялық шамдары қосылған Volkswagen Passat көлігін байқаған. Рөлде қыз болған. Оған доңғалақты ауыстыру қажет болды. Машинаға көп жүк тиелгендіктен, ауыстыруға өзінің шамасы келмеген. Полицейлер көліктегі жүкті түсіріп, жөндеуге көмектесті.
Мұндай жағдайлар – патрульдік полицейлердің күнделікті жұмысында жиі кездеседі. Кейде одан да ауыр оқиғалар орын алады. 21 қыркүйекте «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында мобильді топ құрамында Мамлют ауданының мемлекеттік автоинспекторы мен екі учаскелік инспекторы жұмыс жүргізіп жүрген. Шамамен сағат 21:00-де Қорған-Петропавл жолында, аудан орталығы Мамлюткаға 6 шақырым жерде олар жанып жатқан көлікті көреді. Жүргізуші өрт сөндіру құралын қолданып та үлгерген, полицейлердің де әрекеті нәтиже бермеген, қызметкерлер шақырған өрт сөндіру қызметі ғана өртті сөндірген.
– Өрт сөндірігенше қызметкерлер өтіп жатқан көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Өрт сөндірілгеннен кейін олар жақын жердегі ЖШС-ге жүгінді. Оның иесі бүлінген көлікті жолдан шығару үшін трактор берді. Айта кету керек, кәсіпорын иелері адамдарға көмек көрсету қажет болған кезде әрқашан полицияға көмекке келеді. Полиция қызметкерлері жүргізушіні туыстары алып кеткенше күтіп, содан соң жұмыстарын жалғастырды. Қиын жағдайдағы адамдарға көмек қолын созу – бұл полицияның сервистік жұмысының принципін жүзеге асырудың бір бөлігі болып табылатын басымды бағыттарының бірі, – деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.