Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер онлайн форматта байқау өткізді

Қызылордалық полицейлер онлайн форматта байқау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы төртінші рет жалпы білім беретін оқу орындары арасында дабыл қағушылар жасақтарының байқауын ұйымдастырды.

Байқау онлайн форматта өткізілді. Қатысушылар өз өнерлерін видео арқылы жазып, конкурстық комиссияның қарауына ұсынды.

Мақсат – балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға тарту, салауатты өмір салтын ұстану және балалардың жасырын таланттары мен қабілеттерін анықтау. Байқауға 26 команда қатысты. Марштық ансамбльдердің қатысушылары өз көрсетілімдерінде саптық элементтер бағдарламасын және барабандарда ойынды сапалы орындауға тырысты.

Әрине, балалардың өнер көрсетуі шерулер деңгейінде болған жоқ, бірақ жеңіске деген ұмтылыс оларды алға жетеледі. Әр команданың өзіндік ерекше стилі болды, сондықтан бірде бір қатысушы назардан тыс қалмады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру