Солтүстік Қазақстанда ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды
Солтүстік Қазақстанда ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері донор күнінде акция ұйымдастырып, қан тапсырды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД басшылығы мен қызметкерлері қан тапсыру бойынша акцияларға қатыса отырып, бірнеше жыл қатарынан донор болып келеді. Өйткені күн сайын қан әртүрлі апаттарда, жарақаттан зардап шеккендерге, күрделі операциялар жүргізу кезінде, сондай-ақ онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға қажет.
Өз кезегінде Облыстық қан орталығының мамандары СҚО бойынша ҚАЖД жеке құрамын еріктілер қатарында көруге қуанышты. Тәртіп сақшылары үнемі медициналық тексеруден өтеді, жақсы дене дайындығы бар, ал донор ретінде тек ауыр аурулары жоқ адамдар ғана бола алады.