Солтүстікқазақстандық полицейлер Отбасы күніне орай ерекше флешмоб ұйымдастырды
Солтүстікқазақстандық полицейлер Отбасы күніне орай ерекше флешмоб ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлда осы демалыс күні қызметтен бос 30-ға жуық полицейлер отбасы әйелдерімен және балаларымен бірге Тәуелсіздік стеласының жанына жиналып, отандық эстрада жұлдыздары Бүркіт пен Аишаның «Мекенім – Қазақстан» әніне би биледі. Полицейлердің ашық аспан астында кездесуі эмоциялық босаңсуға, флешмобты позитивті көңіл-күймен өткізуге көмектесті. Іс-шараның ұраны – «Бақытты отбасы».
– Осы іс-шара арқылы біз әрқайсымыздың өміріміздегі отбасылық құндылықтардың, сондай-ақ денсаулық пен қолайлы психологиялық ортаның маңыздылығын көрсеткіміз келді. Дені сау, мықты отбасы – өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудің іргетасы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүріп отбасыларына аз уақыт бөлетін полиция қызметкерлерінің сенімді тірегі саналады, – дейді СҚО ПД кадр саясаты басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллин.
Сондай-ақ Абылғазы Ғабдуллин полиция қызметкерлерін Отбасы күнімен құттықтап, композицияны ойластырған әрі ерекше ықыласпен тұрғындарға көрсеткен хореограф Элла Рақымжанованы алғыс хатпен марапаттады. Тәртіп сақшылары қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтап, бейбітшілік пен амандық тіледі.