Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстікқазақстандық полицейлер Отбасы күніне орай ерекше флешмоб ұйымдастырды

Солтүстікқазақстандық полицейлер Отбасы күніне орай ерекше флешмоб ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда осы демалыс күні қызметтен бос 30-ға жуық полицейлер отбасы әйелдерімен және балаларымен бірге Тәуелсіздік стеласының жанына жиналып, отандық эстрада жұлдыздары Бүркіт пен Аишаның “Мекенім – Қазақстан” әніне би биледі. Полицейлердің ашық аспан астында кездесуі эмоциялық босаңсуға, флешмобты позитивті көңіл-күймен өткізуге көмектесті. Іс-шараның ұраны – “Бақытты отбасы”.

– Осы іс-шара арқылы біз әрқайсымыздың өміріміздегі отбасылық құндылықтардың, сондай-ақ денсаулық пен қолайлы психологиялық ортаның маңыздылығын көрсеткіміз келді. Дені сау, мықты отбасы – өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудің іргетасы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүріп отбасыларына аз уақыт бөлетін полиция қызметкерлерінің сенімді тірегі саналады, – дейді СҚО ПД кадр саясаты басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллин.

 

Сондай-ақ Абылғазы Ғабдуллин полиция қызметкерлерін Отбасы күнімен құттықтап, композицияны ойластырған әрі ерекше ықыласпен тұрғындарға көрсеткен хореограф Элла Рақымжанованы алғыс хатпен марапаттады. Тәртіп сақшылары қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтап, бейбітшілік пен амандық тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру