Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер арасында самбо күресінен іріктеу кезеңі өткізілді

Маңғыстаулық полицейлер арасында самбо күресінен іріктеу кезеңі өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласы полиция басқармасы “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамы кешенінде Маңғыстау облысы ПД жеке құрамы арасында самбо күресінен іріктеу кезеңі өткізілді. Департамент бастығы Аян Дуйсембаев алғысөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ ол жарыстың анық, нақты және әділ өтуі керек екенін атап өтті.

Жарыста барлығы жеті салмақ дәрежесі бойынша 50-ге жуық қызметкер бақ сынасты.

Барлық жеңімпаздарға полиция департаменті бастығының атынан диплом, медальдар табысталды.

Үздік спортшылар қазан айында Маңғыстау облысында өткізілетін республикалық сайыста өңіріміздің намысын қорғайтын болады. Қазіргі таңда чемпионатқа қатаң дайындық жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру