Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстікқазақстандық полицияға жыл басынан 73 мыңнан астам қоңырау келіп түсті

Жыл басынан полицияның бейнебақылау камераларының көмегімен қылмыстарды ашуға ықпал еткен 678 факті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сонымен қатар, алты айдың ішінде камералардың көмегімен 7307 түрлі құқық бұзушылық тіркелді.

Қалалық полицияның жедел басқару орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл жерге қылмыс пен құқық бұзушылықтар туралы барлық ақпарат үздіксіз келіп түсіп жатады. Жедел кезекші, күш пен құралдарды басқару тобының қызметкерлері, инспектор-навигаторлар, “102” арнасының операторлары үш ауысымда қызмет атқарады. Адамдардың жолдағы және аулалардағы қауіпсіздігі олардың кәсібиліктеріне тікелей байланысты. Тәртіп сақшыларының жұмысына бейнебақылау камералары зор көмегін тигізеді. Бүгінгі таңда облыста полицияның 1351 камерасы жұмыс істейді. Оның 410-ы Петропавлда.

Камералардағы бейнежазбалар Полиция департаментінің серверлерінде 30 күн сақталады.

Петропавл қ. ПБ Жедел басқару орталығының бастығы полиция подполковнигі Нұрлан Мұхамеджановтың айтуынша, бейнебақылау инспекторларымен жылдың басынан 7307 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның бес мыңнан астамы – жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтары және екі мыңнан астамы – әкімшілік заңнама бұзушылықтары. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға ықпал еткен 678 факті анықталды. Оның ішінде 110 факті – көшедегі бейнебақылау камераларымен тіркелген.

Бұдан басқа, алты айдың ішінде “102” жедел арнасына азаматтардан 73 мыңнан астам хабарлама келіп түсті, оның 13 643-і жедел ден қоюды талап етті. Солтүстікқазақстандық полицияға келіп түсетін телефон хабарламаларының басым бөлігін жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы тыныштықты бұзу құрайды. Көбіне қалалықтар сенбіден жексенбіге қараған түні, сағат 19-дан түнгі 3-ке дейін хабарласады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру