Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер алаяқтық жасаған күдіктіні елордада ұстады

Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер алаяқтық жасаған күдіктіні елордада ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

34 жастағы петропавлдық жалдамалы пәтерлерде жасырынып, туыстарымен және таныстарымен қарым-қатынас жасамаған. Ол өзінің туыстарының пәтерлерін жалған сенімхат бойынша сатты деген күдікке ілінген. СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері оның жүрген жерін қызметтік іссапар кезінде анықтаған. Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер астаналық әріптестерімен бірге петропавлдықтың ізіне түсуге мүмкіндік берген кажетті жедел шараларды жүргізген. Қазіргі уақытта ол ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына орналастырылды.

– Қылмыскерлерді іздестіру – криминалдық полиция қызметкерлерінің жұмысындағы басты міндеттердің бірі. Бұл іс-шара учаскелік полиция инспекторларымен, көші-қон қызметі және басқа да бөлініс қызметкерлерімен бірге өткізіледі. Айта кететіні, “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Мамлют ауданының полицейлері аудан орталығының 61 жастағы тұрғынын ұстады. Ол Башқұртстан аумағында жасалған алаяқтық үшін мемлекетаралық іздеуге жарияланған, – деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Жалпы 6 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысында іздеуде 60 адам болған. Жыл басынан криминалдық полиция қызметкерлері 30 қылмыскердің жүрген жерін анықтаған. Іздестіру жұмысында “өткен жылғы” санатындағы қылмыскерлерді іздеуге ерекше көңіл бөлінеді. Жыл басынан осы санат бойынша 10 қылмыскер ұсталды. Бұдан бөлек, 228 із-түссіз жоғалғанның жүрген жері анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру