Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстікқазақстандықтар полицияға 23 бірлік қару тапсырды

Солтүстікқазақстандықтар полицияға заңсыз сақталған 23 бірлік қару тапсырып сыйақы алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да тіркелмеген қаруды ерікті-өтеулі тапсыру жөніндегі акция өз мәресіне жетіп, бөлінген қаражат толықтай игерілді. Тапсырылған қарулар қылмыстарды жасауға қолданбағандығын растайтын қажетті сараптамалардан өтуде. Бұдан бөлек, сараптама бағасы үш санаттың біріне жатқызуға мүмкіндік береді – осыдан сыйақының сомасы белгіленетін болады.

Акция шартарына сәйкес, қарудың «жасалған қылмыстарға» қатысы болмаса, полицейлер қарудың қайдан келгені жайлы айтуға міндеттемейді. Дегенмен, адамдар оларды қайдан алғаны жайлы түсінік беріп жатады. Көп жағдайларда – олар орманнан немесе Есіл өзенінің жайылмасынан табылған. Екі адам аңшы қаруын үйлеріндегі ескі қора-қопсыны бұзған кезде тауып алған. Үш адамда қайтыс болған ата-аналарынан қалған. Мысалға, аудан орталығы Булаевоның тұрғыны 1995 жылдан бастап «БМ-16» қосауызды қаруын әкесінің көзі ретінде сақтаған. Полицейлердің практикасында мұндай жағдайлар жиі кездеседі: аңшылықпен айналыспайтындар және қаруды «естелік» ретінде сақтаушы болып табылатындар қаруды және олардың патрондарын заңсыз сақтағаны үшін жауапкершілік туралы ойланбайды. Енді бір жағдайда Тайынша ауданының тұрғыны Польшаға тұрақты тұруға кеткен досы қалдырып кеткен 16 калибрлі «ИЖ» маркалы екі қаруды өзінде екі жылға жуық сақтаған.

– Қаруды заңсыз сақтау – бұл өз басыңды тәуекелге тігу, – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин. — Ретсіз пайдалану кезінде ол жарақат немесе өлімге себеп болуы, қылмыскерлердің қолына түсуі де мүмкін. Қаруды міндетті түрде тапсырған жөн – ерікті түрде тапсырған жағдайда әкімшілік пен қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Акция аясында солтүстікқазақстандықтар барлығы бес бірлік травматикалық қару, 16 тегіс ұңғылы қару мен калибрі 5,6 мм. «ТОЗ» маркалы екі ойық ұсақ калибрлі винтовка тапсырған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру