Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы мопедистер мен самокатчиктердің қатысуымен болған оқиға туралы айтты

Алматы полициясы мопедистер мен самокатчиктердің қатысуымен болған оқиға туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов азық-түлік пен тұтыну тауарларын жедел жеткізу қызметі әкімшілігінің қатысуымен өткен онлайн-отырыста хабарлады.

– Соңғы жылдары біздің қаланың жолдарында көптеген мопедтер, мотоциклдер мен скутерлер пайда болды, осыған байланысты олардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі – ұқыпсыз көлік жүргізу, арнайы қорғаныс құралдарының болмауы, көлік қауіпсіздігі ережелерін сақтамау. Осы жылдың үш айының қорытындысы бойынша “мопедистердің” қатысуымен қала жолдарында – 18 жол-көлік оқиғасы болды, онда бір адам қайтыс болып, тағы 18-і түрлі дене жарақаттарын алған. Атап айтқанда, 2020 жылы мопедтердің қатысуымен 130 жол-көлік оқиғасы жасалды, қайтыс болды – екі, жарақат алды – 141, 2019 жылы 94 жол-көлік оқиғасы болды, қайтыс болды – алты, жарақат алды- 1 05, 2018 жылы 66 жол-көлік оқиғасы болды, екі адам қайтыс болды, жарақат алды – 71. Сараптамадан мынадай қорытынды шығады, жылдан жылға лайықты табысты пайдаланып, қол жетімді ыңғайлы көлік құралдарының саны көбейіп келеді және онымен бірге осындай көліктің иелері де көбейіп келеді, – деді Қанат Таймерденов.

Мопедтер, велосипедтер, скутерлер мен самокаттар, сөзсіз, автокөліктен немесе мотоциклден өзгеше, бірақ жол ережелері олар үшін де соншалықты маңызды. Сонымен қатар, олардың маневрлік қабілеті мен жылдамдығы үлкен, ал соқтығысудан қорғаныс құралдары жоқ. Жолда олар ең қорғансыздардың бірі болып табылады, сондықтан олар жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіптің жоғарылау көзі болып табылады.

– Карантиннің енгізілуіне және қабылданған шектеу шараларына байланысты клиенттерден тапсырыстардың өсуі байқалады, сәйкесінше, көліктің осы түрін пайдаланатын курьерлердің саны көбейді, олар кірістерін көбейту үшін тәулік бойы қала жолдарында жүреді, бұл ретте жол ережелерін өрескел бұзушылықтар жиі кездеседі. Мәселен, мысалы, 28 наурызда сағат 22.00-де Абай және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болған, халық арасында кең резонанс тудырған жол-көлік оқиғасы. Түнде мопед жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, “Тойота” көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мопедтің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алды. Осындай фактілерге қарамастан, азық-түлік жеткізетін жастар көбінесе жол ережелерін елемейді және әртүрлі, соның ішінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзады, мысалы, қарсы жолаққа шығу, бағдаршамның тыйым салынған дабылына өту, жүріс бөлігінің ортасында жүру, сол арқылы азаматтарға және өздеріне қауіп төндіреді, – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД басшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру