Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде саяжайларды тонап жүрген ұры ұсталды

Өскеменде саяжайларды тонап жүрген ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қ. ПБ Солжағалау полиция бөлімінің “102” жедел арнасына 31 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол қыс мезгілінде белгісіз біреу терезені қысып ашу жолымен оның саяжай үйіне кіріп, спорттық велосипед, шатыр (палатка), сондай-ақ жатын қабын (спальный мешок) ұрлап кеткенін хабарлады.

Материалдық шығын 90 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 25 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, жеткізді. Ұрланған зат толығымен тәркіленді.

– Тергеу барысында күдіктінің жеті саяжай ұрлығын жасағандығы дәлелденді, олар бойынша заттай дәлелдемелер алынады. Ұрланған заттардың 15-тен астамы тәркіленді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Қазіргі уақытта дәлелдемелік базаны жинауға және күдіктінің осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын анықтауға бағытталған қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.

Қаскөй жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру