Сотталған балалар Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Сотталған балалар Олимпиада ойындарының жеңімпаздарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыдағы балалар колониясына Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Александра Ле және Ислам Сатпаев барып, жазалы балалармен әңгімелесті.
Алматы қаласы спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған кездесуде Олимпиада жүлдегерлері өздерінің балалық шақтары мен спорт жолындағы жетістіктері жайлы әңгімелеп, балалардың спортқа байланысты қойған сұрақтарына жауап берді.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында өткізілген кездесудің мақсаты – жазалы балалардың спортқа деген құлшынысын арттырып, қоғамға толыққанды азамат болып оралуларына көмектесу.
Кездесу соңында мекеме әкімшілігі келген қонақтарға алғысын білдірсе, сотталған балалар өздері жасаған бұйымдарын сыйға тартты.