Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

26 сотталған мекемеде жұмыс істейді

Шығыс Қазақстан облысы ОВ-156/18 мекемесінде жиыны үш жұмыс беруші субъект өзінің кәсіпкерлік қызметін іскерлікпен атқарып келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінде көзделгендей пенитециарлық жүйенің басты міндеттерінің бірі – сотталғандарды түзетудің жолын анықтау.

– Бұл міндетті орындауда жазалаудың түзеудегі ықпалдығын еңбекпен ұштастыру принципін басшылыққа аламыз.  Сонымен қатар, мекеме әкімшілігі сотталғандарды мекеме аумағында ашылған жеке меншік кәсіпорындар мен мекемелерге жұмысқа орналастырумен қатар, сондай жұмыс беруші субъектілердің мекеме аумағында жаңа жұмыс орындарын ашумен де айналысады. Бұнымен қатар, сотталған азаматтардың өздері де мекеме әкімшілігімен келісім шартқа отыру негізінде мекеме аумағында жеке кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады. Бұл жағдайда жұмыс беруші субъектпен жұмысшының қарым-қатынасы Еңбек кодексінде қарастырылған тәртіппен келісім шарт негізінде жүзеге асады, – деді мекеме бастығының орынбасары Ербол Кабдыгалиев.

– Бүгінгі күні ОВ-156/18 мекемесінде жиыны үш жұмыс беруші субъект өзінің кәсіпкерлік қызметін іскерлікпен атқаруда. Бұл жұмыс беруші субъектілерде жиыны 26 сотталған еңбек етуде. Сотталған атқарған еңбектеріне Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен жалақы алып, жалақының есебінен сот үкімімен өндірілген моральдық-материалдық залалдарды, сот шығындарын, баж салықтарын өтеумен қатар, мекеме аумағында орналасқан дүкеннен күнделікті қажет заттары мен азық-түліктерін сатып алуына болады, – деп қосты Ербол Кабдыгалиев.

 


Пенитенциарлық жүйеде еңбек орындарын, кәсіпкерлік қызмет түрлерін ашудың кәсіпкерлерге тиімді жақтары өте көп. Оның бастылары:

– кәсіпкерлік қызметке қажет нысандардың дайындығы;

– нысандардың коммуникациялық желілермен толық қамтылуы;

– күзет қызметінің тәуліктің 24 сағатына тегін көрсетілуі;

– жұмысшылардың кәсіби біліктілік қатарының мол таңдаулылығы және еңбек ақының арзан тарифі;

– Жарма аудандық орталығына жақын жерде орналасуы және Аягөз, Алматы, Өскемен, Семей бағыттарына темір жол қатынасы барын хабардар етеміз, алайда бұл жағдайларды көптеген кәсіпкерлер біле бермейді.

– Осы ақпараттық құралды пайдалана отырып, табыс көзін тауып, өздерінің іскерлік ойларын жүзеге асыруға ниет білдірген кәсіпкерлерді бірлесіп еңбек етуге шақырамыз, – дейді Ербол Кабдыгалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру