Сотталғандар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті ЕЦ-166/10 мекемесінде жаза мерзімін өтеп жатқан сотталғандар арасында 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай деректі фильмдер көрсетілімі және дәріс сабақтары өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұқаралық тәрбие жұмысының басты мақсаты – сотталғандардың әлеуметтік-құқықтық дамуына ықпал етіп, тәрбие беру.
Сотталғандарға дәріс барысында атаулы күн туралы бірқатар ақпараттар ұсынылды.
Бұл күнге тоқталып өтсек, бұл халқымыздың тарихындағы ең ауыр жылдардың құрбандарын еске алып олардың атқарған еңбегің бағалап ардақтауға, ісін одан әрі жалғастыруға міндеттейтін аза тұту күні.
Тарихтағы бұл қаралы күн Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 1997 жылдан бастап аталып өтеді.
Ресми деректерге сәйкес Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын сүргінге ұшырады. Мыңдаған адам ату жазасына кесілді. Олардың арасында ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. Атап өтсек, Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров тағы басқа да зиялылар ату жазасына кесілді.
Халық жауларын анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан Қазақстанда АЛЖИР (отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған Ақмола лагері), Карлаг (Халықтық ішкі істер комитетінің Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг (саяси тұтқындарға арналған лагерь) құрылды. Қазір бұл орындар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайлары болып қалыптасқан.
Елімңіздің Тәуелсіздік жылдары 100 мыңнан астам кінәсыз айып тағылған қазақстандықтардың аты жазылған 14 «Аза» кітабы жарыққа шықты.
Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.
Бұл іс-шара әр сотталғанның ішкі жан дүниесіне өзіндік әсерін бергендей болды.