Сотталғандар жақындарына маска тікті
Шығыс Қазақстан облысында жақындарын коронавирустан қорғау үшін түрмедегі сотталушылар қорғаныс бетперделерін тігіп жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Еңбек – Өскемен» республикалық мемлекеттік өндіріс орындарында ШҚО бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілер табыс тауып қана қоймай, өздерінің туған туысқандарына көмек көрсетіп жатыр.ОВ-156/20 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтар жақындарына арнап коронавирустан қорғау үшін қорғаныс бетперделерін тігіп жолдады.
Александр темір тордың ар жағында отырса да жаппай эпидемияға қарсы күресіп жатқан туғандарына көмек қолын созғысы келетінін айтты. Александр «Еңбек Өскемен» тігін цехында тігінші болып жұмыс істейді. Мекеме әкімшілігі қорғаныс бетперделерді тігу үшін барлық қажетті материалдармен қамтамасыз етті, осы тігіп жатқан бетперделерді туғандарыма жолдаймын және де осы жұмысым үшін төленетін еңбек ақыны да өзінің әйелім мен балаларыма жібердім. Азық – түлік және қосымша қажетті қорғаныс құралдарын алса да көмек болсын деп.
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар бір реттік және бірнеше реттік қолданыстағы бетперделерді тігуді бастаған. Осы тапсырма аясында ШҚО-ның алты түзеу мекемесінде бір және бірнеше реттік бетперделер тігілу үстінде.