Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоймадан 500 мың маска тәркіленді

Алматы облысында 500 000 жуық медициналық бетперде тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласындағы жеке үйлердің бірінің ауласынан 250 қорапқа салынған медициналық бетперде табылды. Жалпы санау барысында әр қорапта 1800-2000 дана бетперде бар екені белгілі болды. Болжам бойынша тауарды тиеп, одан әрі жөнелтуге дайындаған.

“Беркут-162” патрульдік экипажы аулаларды жүріп өту барысында қолдан жасалған қойманы байқаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Еш жерде жұмыс жасамайтын 1960 жылы туған азамат ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”,- Талдықорған ҚПБ басшысы Асқар Нұрсапа.

Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында күдіктінің медициналық бетперделердің қайдан шыққаны, кімге тиесілі екені және қайда тасымалдау жоспарланғаны анықталатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру